Күн-Жария

Махаббаттың мезгілдері

Махаббаттың да өз мезгілі бар. Көктемдей кезігіп, жаздай қыздырып, күздей жүдетіп, қыстай суытатын сезім туралы өлең. Ақын махаббаттың уақытқа төтеп бере алмай, мезгілдермен бірге өзгеруін сөз етеді.

Махаббаттың мезгілдері мезі қып,
Жүдеп жатыр жан дүнием езіліп.
Көкірегімде күзге айналды көріктім,
Көздерімде көктем болып кезігіп.

Сол махаббат барлық ақын жырлаған,
Мезгілдер боп кеп жатады бір маған.
Сол бір сезім, мөлдір сезім суыды,
Жаз боп мәңгі жүрегімде тұрмаған.

Мезгілдерін мендей сезген бар ма адам,
Қалай ғана қыстан қар да қалмаған,
Махаббат па, қыз-бозбала әлсіз бе,
Мезгілдерге төтеп бере алмаған.

Мезгіл сырын, иә, мендей сезді кім,
Танысуға аттанар ем тез бүгін.
Махаббатты сақтай алар жар керек,
Бір кешетін оның барлық мезгілін.

11:42
30.01.2018

МИХ