Кесе
Мирас Әбіл
Кесе
Қайтаршы маған сұранам,
Күндерді өткен кешегі.
Есімнен қалай шығарам,
Қызыл өрнекті кесені.
Ұялшақ біздің сезімдер,
Буымен ыстық балқыды.
Жүрегім енді сені іздер,
Шай ішкен сайын әр күні.
Жай таппай ол қыз десе мен,
Әуре-сарсаңға түскенмін.
Сол күндер сол бір кесемен,
Сезімді бірге ішкенмін.
Қанықпын сені көруге,
Сағынып мені жүрмісің.
Кесем-ау менің сол үйде,
Бақ тілеп бізге тұрмысың...