Мәзір
Бүгін, 19:53 / JariaLike / Спорт

Оксфорд пен Кембридждің үздік шахматшылары Алматыдағы әлем чемпионатына келді

3–10 тамыз аралығында Алматыда университеттер арасындағы алғашқы командалық әлем чемпионаты – FIDE World University Team Chess Championship өтеді. Турнирге Оксфорд, Кембридж, Гарвард және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының командалары қатысады.

Оксфорд пен Кембридждің үздік шахматшылары Алматыдағы әлем чемпионатына келді Оксфорд пен Кембридждің үздік шахматшылары Алматыдағы әлем чемпионатына келді
Фото: Казахстанская федерация шахмат

Алматыда алғаш рет FIDE World University Team Chess Championship – университеттер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалы басталды. Жарысқа төрт құрлықтан 16 жетекші университеттің шахмат командалары жиналды. 

Қатысушылар қатарында Оксфорд университеті, Кембридж университеті, Гарвард университеті, Сент-Луис университеті, Техас университеті (Даллас), Вебстер университеті, Бейжің университеті, Афина ұлттық техникалық университеті, Мельбурн университеті, Претория университеті, Чили университеті, Гунадарма университеті және басқа да жоғары оқу орындары бар. 

Турнир 3–10 тамыз аралығында өтеді. Финалда онлайн іріктеуден өткен сегіз команда мен FIDE және ұйымдастырушылар арнайы шақырған тағы сегіз ұжым бақ сынайды. 

Қазақстан атынан бірнеше университеттің құрамалары өнер көрсетеді. Сонымен қатар Алматыда жасөспірімдер құрамалары арасындағы Қазақстан – Әлем матчы да ұйымдастырылып, жас шахматшылар 15 миллион теңге жүлде қорын сарапқа салады. 

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, әлемнің ең беделді университеттерінің Алматыға келуі еліміздің халықаралық беделін арттырып қана қоймай, студенттер арасында білім, ғылым және спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. 

Көп оқылды: