Әлеумет

Елордалық отбасылар азық-түлік себетімен қамтылды

Астанада «Игі істер марафоны» аясында ауқымды іс-шаралар  өткізіліп келеді.   Қайырымдылық мақсатындағы науқан жыл басынан бері ұйымдастырылудаҰлыстың ұлы күні қарсаңында және Рамазан айында қала әкімдігі демеуші PetroRetail компаниясымен бірлесіп тағы бір игі істі қолға алды.  

Елордалық еріктілер 1000-нан астам азық-түлік себетін  әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және толық емес отбасылар сияқты әлеуметтік осал топтарға таратады. Қораптың салмағы – 45 келі. Жалпы жүктің салмағы 45 тоннадан асады. Ал азық-түлік себетінде ұн, қант, қарақұмық, күріш, макарон, балаларға арналған тәттілер секілді қажетті тауарлар бар, - деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.    

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері бұл себеттерді мұқтаждардың үйлеріне дейін жеткізіп береді.   

Қуаныш Молдабектің айтуынша, бүгінгі таңда Астанада аса мұқтаждар санатына жататын 180 мыңға жуық отбасы бар.

Азық-түлік себетінің бірі елорда тұрғыны көпбалалы ана Роза Сырбековаға  табысталды. Ол осындай жәрдем көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты

Бізге көмек көрсеткендеріңізге алғысымды білдіргім келеді. Мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңызға рақмет. Барша қазақстандықтарды  алда келе жатқан әз-Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Барлығыңызға денсаулық және амнадық тілеймін, - дейді Астана тұрғыны.

Қалалық әкімдік азық-түлік себеттерін Наурыз мейрамына дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Қайырымдылық акциясы жыл соңына дейін жалғасын табады.

Айта кетейік, елордада он мыңға жуық отбасы наурыздан бастап желтоқсан айына дейін қажетті көмек алды. Осылайша жалпы салмағы 1,2 млн килограмнан  асатын 4000-нан астам азық-түлік жиынтығы таратылды. 

Айта кетейік,  мұқтаждар санатындағы адамдар алушылар тізіміне ену үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті әкімдіктерге жүгіне алады. Қала әкімдігі белсенді азаматтар мен бизнес-қоғамдастықтарды осындай қайырымдылық істерге қосылуға шақырады.