Өтежан НҰРҒАЛИЕВ

Өтежан Нұрғалиев. «Алыста қалған жырақтың әні» («Соғыстың соңғы жазы» кітабынан)

ІІІ-БАСТАМА: АЛЫСТА ҚАЛҒАН ЖЫРАҚТЫҢ ӘНІ

Алабас таулы, Ақшулан далам, Сүйеді самал бетіңді, Өткен күн маған, Өртеңге түскен қайыңды тоғай секілді. Бауырың шалғын, балағың самал, Балтырың балғын, төсің нұр, Тосырқап қалған, Көзімнің нұрын, жалаңаш қыздай, шешіндір. Болмашы жалтақ, көңілде сәл тат, Қалмасын деді, ақын да, осылай деді, Қайыңды тоғай сырласып едім, жақын да. Қайыңды тоғай, қайырлы тоғай, Бүгінім менен өткенім, өрттерге біраз, шашасынан, шарпылып өткен көктемім, Бұрын да саған, қайыңды тоғай, Жоқ еді іште реніш, бүгін де менде, өзіңе өкпем. Жоқ менің, айта алмай келген, ішіңде семген сырларың болса туындат, Ілгейсің көкке, сары ала шашақ, туыңды ап. Дат басып қалған, қылышты тазарт, Жеңістің күйін қайта шерт, осылай деді, Қайыңды тоғай, желменен бірге шуылдап. Қайыңды тоғай, жеңімпаз жылым, жотасы биік, жеңісім, Елеңнен тұрып, ентелеп жортып, егеспен алған еңісім. Қайыңды тоғай, жеңістің даусы, жеңістің даусы жаңғырық, отыз бес жылда қайтадан соққан, айтамыз соны ән қылып. Қайыңды тоғай, мезгілден ұшып, төгілген моншақ, құрап тер, алдында жатыр сыбырлап сөйлеп, алыстан келген бұ дәптер. Аларың болса ортадан келіп, ойланып жатпай, ойып ал, берерің болса береген қолмен, бір-ақ бер. Алабас таулы, Ақшулан далам, сүйгенде самал, бетімді, өткен күн маған жапырақ жайған, қайыңды тоғай секілді. Қайыңды тоғай, қайырлы күн, қайыңнан жонған, көп Зерең, көп Зерең едің, кешегі өртте, қорғасын тескен оқ жеген. Жолаушы жүріп, аман-сау жеткен, жолдасым құсап ақ атты, қайыңды тоғай, алдымнан шықтың, үзеңгі тосып көлденең. Қайыңды тоғай, шілдеде барсам, көлеңке төгіп көлбедің, дауылда бардым, жауында қалдым, тұманға селге, бермедің. Жаңбырға емес, өлеңге жырға, шөлдедің, қайыңды тоғай, халқымның рухы, салса да өртке, өлмедің, қайыңды тоғай, беріш боп қатқан, безі бар мүйіз ақ қайың. Періште құсап, пейіште жатқан, шақырсаң тұрар, дап-дайын. Тап-таза ғұмыр, тап-таза ауа, таза өмір, қолымнан келсе, жырды да сендей сақтайын. Соғыстан аман, пәледен аман, жаладан аман, жаладан, жоғалтып барып, алайын тауып даладан. Суыңды таза, нуыңды таза, ауаныңды таза сақтайын, атамнан қалып, бабамнан қалып, өзіме жеткен ақ қайың. Суындай мөлдір болайын, былдыр, бұлақтың, судырлап сөйлеп, жап-жасыл жырын, құрақтың, құлындай шауып, орманға кіріп, адасып қалған жылдар бар, әндерін салып, беретін сонау алыста қалған жырақтың.