Сауд Арабиясында тікұшақ апатынан он төрт адам қаза тапты
Корольдіктің Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, тікұшақ елдің шығысындағы жағалаудағы Рас-Таннура қаласында құлаған
Сауд Арабиясында Saudi Aramco мұнай компаниясына тиесілі тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 14 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Корольдіктің Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, тікұшақ елдің шығысындағы жағалаудағы Рас-Таннура қаласында құлаған. Зардап шеккендердің барлығы Сауд Арабиясының азаматтары болған.
Министрлік апаттың себебін анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын қосты.
Saudi Aramco - Сауд Арабиясының мемлекеттік энергетикалық компаниясы және әлемдегі ең ірі шикі мұнай өндірушісі.
Айта кетейік, Францияда бірнеше күнге созылған аптап ыстық салдарынан өлім-жітім көрсеткіші болжанған деңгейден шамамен мың жағдайға артты,