ҰЛТТЫҚ ТЕАТР САХНАСЫНДА «ҚАН МЕН ТЕР» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДІ
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 2026 жылғы 27–28 маусым күндері сағат 18:00-де Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен Тер» романының желісі бойынша сахналанған жаңа спектакльдің премьерасын ұсынады.
Авторы - Әбдіжәміл Нұрпейісов. Қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, Инсценировка авторы және режиссер Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, Сценограф және киім суретші - Қанат Мақсұтов, Музыкамен көркемдеген - Қайрат Амангелдіұлы, Хореограф - Асан Борончинов, Жарық қою бойынша суретші - Азамат Бекбембетов, Дыбыс режиссері - Қарлығаш Матакова, Редактор - Гүлстан Тоқаева, Режиссердің ассистенті - Асылбек Қапаев, Режиссердің көмекшісі - Гүлзейнеп Әлкенова.
«Қан мен Тер» - ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының тарихи-әлеуметтік болмысын, Арал өңірі тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық өзгерістер кезеңіндегі адам тағдырын кеңінен бейнелейтін шығарма. Романның негізгі арқауы – заман ағымымен бетпе-бет келген адамның рухани әлемі, өмірлік таңдауы мен адамгершілік ұстанымдары кеңінен көрініс табады.

ХХ ғасыр басы. Ескі мен жаңаның, дәстүр мен өзгерістің бетпе-бет келген күрделі кезеңі. Қоғамдық төңкерістер мен тарихи өзгерістер халықтың тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, адам санасы мен тағдырына да әсер етті. Осындай аласапыран заманда өмір сүрген кейіпкерлердің тағдыры арқылы спектакль адамгершілік, әділет, ар мен жауапкершілік мәселелерін көтереді.
Біз не ұттық? Біз неден ұтылдық?
«Қан мен Тер» – өткен тарихтың көркем шежіресі ғана емес, бүгінгі көрерменді де толғандыратын рухани сұрақтарға жауап іздейтін қойылым.
Қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы негізінде сахналанған жаңа спектакльдің куәсі болуға шақырамыз.

Премьера өтетін күндері: 27–28 маусым 2026 жыл
Басталу уақыты: 18:00
Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры.

Баспасөз қызметі
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры.
Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru
+7 702 857 51 61 (WhatsАpp)