Мәзір
Бүгін, 01:48 / JariaLike / Спорт

Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді

Қазақстандық аңыз боксшы Геннадий Головкин АҚШ-та өткен салтанатты рәсімде Халықаралық бокс Даңқ залының мүшесі атанды. Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тарихқа енді.

Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді
BBC

Қазақстан боксы үшін тарихи оқиға орын алды. Кәсіпқой боксшы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына ресми түрде енгізілді. Салтанатты рәсім АҚШ-та өтті.

Осылайша Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген алғашқы қазақстандық боксшы атанып, ел спорты тарихындағы жаңа белесті бағындырды.

Головкиннің спорттық мансабы жарқын жетістіктерге толы. Әуесқой бокста ол 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-інде жеңіске жеткен. Ал кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42 рет қарсыласынан басым түсті. Оның 37 жеңісі нокаутпен аяқталған.

Көпшілікке GGG лақап атымен танымал былғары қолғап шебері ұзақ жылдар бойы орта салмақта әлем чемпионы атанып, қазақстандық бокстың абыройын әлемге танытты.

Геннадий Головкиннің Даңқ залына енуі – тек спортшының жеке жетістігі ғана емес, тұтас қазақ спортының халықаралық деңгейдегі үлкен жеңісі.

Көп оқылды: