Күн-Жария

Қызылордада екі аяғынан айырылған аттракцион қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылорданың демалыс паркіндегі аттракционда 18 жастағы бозбала екі аяғынан айрылды. Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Қызылорданың демалыс паркіндегі аттракционда 18 жастағы бозбала екі аяғынан айрылды. Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккен азамат демалыс орнының қызметкері болып шықты. Аттракцион жас жігіттің аяғын кескілеп тастаған. Ойын-сауық орны жеке кәсіпкерге тиесілі. Қазір полиция тарапынан еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.