Күн-Жария

TazaQala платформасының көмегімен 865 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күреске арналған жасанды интеллект негізіндегі TazaQala цифрлық платформасы іске қосылды.

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күреске арналған жасанды интеллект негізіндегі TazaQala цифрлық платформасы іске қосылды. Жоба «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы қаласы прокуратурасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірлесуімен әзірленген.

Платформа арқылы бүгінде 865 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оның 497-сі жойылды. Нәтижесінде 500 тоннадан астам қалдық шығарылған.

Прокуратураның мәліметінше, экологиялық талаптарды бұзғаны үшін бірқатар лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 15 маусымнан бері жүргізілген рейдтер барысында абаттандыру және экологиялық заңнаманы бұзудың түрлі фактілері бойынша 100-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.

Заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау және жою жұмыстары прокуратураның тұрақты бақылауында.