Мәзір
Бүгін, 19:53 / JariaLike / Спорт

Мұрат Тілешев «Ертіс» клубына директор болды

Танымал футболшы, спорт функционері Мұрат Тілешев Павлодардың «Ертіс» клубының директоры болды.

Мұрат Тілешев «Ертіс» клубына директор болды Мұрат Тілешев «Ертіс» клубына директор болды
Фото: @ertis_fk

Клубтың баспасөз қызметі жаңа басшыны ресми түрде таныстырды. Мұрат Тілешев – отандық футболда ойыншы ретінде де, басқарушы ретінде де тәжірибе жинаған маман.

Футболшы мансабында Қазақстанның тоғыз клубында өнер көрсетті. Үш мәрте ел чемпионы атанып, бірнеше рет Премьер-лиганың үздік сұрмергендері қатарынан көрінді. Оның мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі дәл осы «Ертіспен» байланысты.

Тлешев павлодарлық клубта төрт маусым ойнады. Алғашқы маусымында-ақ Қазақстан чемпионы атанып, үздік сұрмерген болды. Жалпы «Ертіс» сапында 143 матч өткізіп, 56 голдың авторы атанған.

Ойыншы карьерасын аяқтағаннан кейін Қазақстан футбол федерациясында қызмет етті. Сондай-ақ «Шахтер», «Астана», «Тұран» және «Оқжетпес» клубтарында басшылық лауазымдар атқарды.

Айта кетейік, Тілешевтің соңғы жұмыс орны «Оқжетпес» болды. Ол бұл қызметтен 2026 жылдың сәуір айында кеткен.

Қазақстан Премьер-лигасының сегіз турынан кейін «Ертіс» 6 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында тұр.

Көп оқылды: