Мәзір
Бүгін, 06:24 / JariaLike / Күн-Жария

«Халық қаһарманы» атағы берілді

Рейхстагқа ту тіккен Кенжебай Мәденұлына "Халық қаһарманы" атағы берілді. Жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

"Халық қаһарманы" атағы берілді "Халық қаһарманы" атағы берілді
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) "Халық қаһарманы" атағы беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды", – делінген ресми хабьарламада. 

"Қазақ әдебиетінің" ақпаратына сәйкес, Кенжебай Мәденов (1925 жыл 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Ақтайсай ауылында туған – 1974 жылы 26 желтоқсанда Атырау қаласында қайтыс болған) – екінші дүниежүзілік соғысы барысында "Берлин" операциясына қатысып, неміс фашистерінің Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып өз взводын бастап кіріп, оны жаудан тазартқан және ту тіккен, ерен ерлік жасаған батыр. Ол – есімі күллі қазаққа әйгілі, дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының ұрпағы.
Жауынгерлік ерлігі үшін Кенжебай Мәденов екі "Қызыл Жұлдыз" орденімен, "Варшаваны азат еткені үшін", "Берлинді алғаны үшін", "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.

Көп оқылды: