Спорт

Неймар аңыз футболшының ұлын соққыға жықты

Неймар жаттығу кезінде Робиньоның ұлымен жанжалдасып, қақтығысқа түсті. Оқиға «Сантос» клубының жаттығуында болған.

Бразилия футболының жұлдызы, Неймар «Сантос» клубының жаттығуы кезінде жанжал шығарып, атақты футболшының ұлы Робиньо Жуниормен қақтығысқа түсті, деп хабарлайды Jarialike.kz Globo Esporte-ке сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, оқиға «Сантос» пен Палмейрас арасындағы матчқа қатыспаған ойыншыларға арналған жаттығу барысында болған.

Жаттығу кезінде жас ойыншы Неймарды сәтті алдап өткен. Осыдан кейін тәжірибелі футболшы ашуға мініп, оған ескерту жасаған. Көп ұзамай сөзге келу итеріс-тартуға ұласып, жанжал өрши түскен.

Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс барысында Неймар қарсыласына қол көтерген.

Қазіргі уақытта клуб тарапынан бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.