Мәзір
Бүгін, 02:40 / JariaLike / Күн-Жария

Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Әйгілі қазақ ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов қайтыс болды.

Мұхтар Шаханов өмірден өтті Мұхтар Шаханов өмірден өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мұхтар Шаханов - 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген.

Мұхтар Шаханов қазақ руханиятында ерекше орны бар тұлға еді.

Мұхтар Шаханов қазақ әдебиетінде терең мазмұнды, өршіл рухтағы шығармаларымен кеңінен танылды.

Әр жылдары журналистикада, әдеби салада қызмет атқарды, КСРО және Қазақстан парламентінде депутат болды.
Балалық шағы Төле би ауданындағы Қасқасу елді мекенінде төбенің басында әкесі қаздырған жертөледе өтті.

Ол бар ғұмырын әдебиет пен ұлттық құндылықтарды дамытуға арнап, кейінгі буынға бай мұра қалдырды.
Мұхтар Шаханов 1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алған.

Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді. 
Шығармалары әлемнің 50-ден астам тілінде жарық көрді.  

Ақын ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарған.
Әдебиетке ерте араласып, алғашқы өлеңдері 1960-жылдары жарық көре бастады.

Оның өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық, тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды.
Қазақ әдебиеті мен қоғамдық ой-санасы орны толмас ауыр қазаға ұшырады.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, 1999 жылы Қырғыз Республикасының Халық ақыны атақтарына ие болды.

Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады.

"Жақсы адамның қабірін жердің бетінен іздемеңдер, ол өзінің туған халқының жүрегіне жерленеді"

 Руми.

Көп оқылды: