Театрлық жазбалар

Драматург жиі жіберетін 5 типтік қате

Бұл драматургияда жиі кездесетін жағдай:
бір көрініс / бір әрекет бар — бірақ оның ішінде логикалық қателер болады.

1) Кейіпкердің мақсаты көрінбейді

Ол жай жүр, жай сөйлейді —
бірақ не үшін сол әрекетті жасап жүргені түсініксіз.

2) Әрекеттің бағасы жоқ (ставки жоқ)

Егер ол жасаса — не болады?
Жасамаса — не күй.

Бұны көрмесек — сахна бос көрінеді.

3) Кедергі жоқ

Кейіпкер бірден алады, бірден істейді.
Ешкім қарсы шықпайды, ештеңе қиындатпайды.

Ал драма — кедергіден туады.

 4) Әрекет тек сөзден тұрады

Тек сөйлесу. Ұзақ диалог.
Бірақ сахнада ештеңе болмайды.

Ал «әрекет» — бұл:

бір нәрсені алу, өзгерту, тоқтату, бұзу, құтқару.

 5) Әрекеттің салдары жоқ

Кейіпкер бірдеңе істеді —
бірақ одан кейін ештеңе өзгермейді.

Драмада әрбір әрекет: жағдайды нашарлатады
немесе жаңа проблема ашады.