«Бесеудің соты». Ақын-жазушылар Тоқаевқа хат жолдады
Ақын-жазушылар қанды Қаңтар кезінде “әуежайды басып алу" бойынша сотталған 5 азаматқа араша сұрап, президент Қ.Тоқаевқа ашық хат жолдады. Олар 8 жыл арқалап кеткен Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменов пен 4 жылға қамалған Әйгерім Тілеужанға шығарылған үкіммен келіспейтінін жеткізді. Хат жолдаушылар президенттен істің әділ түрде тексеріліп, оң шешім шығаруын талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа
Ашық хат
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Қасіретті қаңтар оқиғасына жыл толды. Осы уақыт ішінде қанды оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, түрлі комиссиялар, жұмыс топтары мен азаматтық қоғам өкілдері зерттеулер жүргізді. Бірақ әлі күнге дейін оқиғаның мән-жайы ашық айтылып, оның әділ бағасы берілген жоқ. Қанды оқиғаға қатысты түрлі деңгейдегі сот орындарында өткен процестерде өрескел заңсыздық орын алуда.
Сіз: «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауыңызда: «Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет», - деген едіңіз. Алайда біз, қазақ қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері, 2023 жылдың шілде айының 11 күні Қаңтар оқиғасы кезінде “әуежайды басып алу ісі" бойынша сотталған журналист Әйгерім Тілеужанға, белсенді Қалас Нұрпейісовке, Нұрлан Дәлібаевқа, Ермұхамет Шилібаевқа және Жанайдар Кәрменовке шығарылған үкімге қатысты қатал және түбегейлі келіспеушілігімізді білдіреміз. «Әуежай ісінің» үкімі халық қарсылығын күшейтіп, қоғамда резонанс туғызды. Бұл жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, осы іске ерекше назар аударуыңызды сұраймыз. Және де Ата Заңымызда белгіленген “халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі” ретінде Сізден жоғарыда аталған азаматтарға араша түсуіңізді сұраймыз.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Жаңа Қазақстаннан үмітті Қазақстан Республикасының барлық Халқы жаңа өзгерістерді күткен еді. Алайда, қоғамда әбден қалыптасып қалған ЕСКІ ЖҮЙЕНІҢ салқынын әлі де сезінудеміз. Әділетті Қазақстанның берік орнығуы үшін «Қасіретті қаңтар» оқиғасы бойынша жүргізіліп жатқан сот процестері әділ өтуі тиіс деп санаймыз. Сондай-ақ, Әділетті Қазақстан құру идеясына қарсы әрекет етіп отырған сот орындарындағы тұлғаларды әділ анықтап, оларға қолданыстағы заң аясында қатаң жаза қолданылуын сұраймыз.
Құрметпен, қазақ қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері:
1. Танагөз Толқынқызы
2. Анар Шамшадинова
3.Светқали Нұржан
4. Ақберен Елгезек
5. Қалқаман Сарин
6.Ұларбек Дәлей
7. Жанат Жанқаш
8. Мереке Мұқан
9. Жәнібек Әлікен
10. Қанат Әбілхайыр
11. Айбек Ережеп
12. Жангелді Немеребай
13. Олжас Сәндібек
14. Наурызбек Сарша
15.Оңғар Қабден
16 . Дәурен Тілеухан
17. Индира Кереева
18. Жанаргүл Қадырова
19. Айдана Қайсарбекқызы
20. Толқын Қабылша
21. Мерей Қарт
22. Ершат Қайболдин
23. Жәнібек Әлиман.
24. Нұртас Тұрғанбекұлы
25. Нұрислам Әбділ
26. Мирас Мұқаш
27. Арайлым Мұратәлиева
28. Арман Шеризат
29. Гүлжайнар Қалдина
30. Ықылас Ожай
31. Дамир Әбенов
32. Ерік Нарын
33. Рысгүл Досжанова
34. Еламан Қасен
35. Мұхтар Күмісбек
36. Мерген Тоқсанбай
37. Хамит Есаман
38. Ділдә Уәлибек
39. Қайсар Қауымбек
40. Ержан Алаштуған