Егер көрермен сахнадан өзін көрмесе, егер ол кейіпкердің бойынан өзі күнде қайталайтын қателіктерді танымаcа — онда сенің қаһарманың жоқ
Ал егер сенің кейіпкерің сол қателіктерді жасамайтын, адамдық әлсіздіктен ада, мінсіз тұлға болса онда бұл шығарма мәнсіз.
Неге?
Өйткені көрермен театрға екі-ақ себеппен келеді:
біріншіден — өзін көру үшін;
екіншіден — «мен бұлай істей алмаймын, бірақ істегім келер еді» деп таңдану үшін.
Кейіпкер — суперқаһарман болмауы керек.
Тіпті пайғамбарлар да адамдық қателіктен ада емес.
Библиялық трактаттарда Иса Иуданы «көрмей қалды» делінеді.
Шын мәнінде, ол көрді — және сол жолды әдейі таңдады.
Өйткені трагедия дәл осы таңдауда.
Марвел кейіпкерлерінің өзі мінсіз емес:
Бэтмен — бай ма, гений ме, әлде ішкі жарасын байлықпен жасырып жүрген адам ба — белгісіз.
Супермен — өзінің қайдан шыққанын білмейді,
оның ең үлкен әлсіздігі — сол.
Демек мәселе әлсіздікте емес.
Мәселе — ашық жарада.
Мен сахнадан адамды көруім керек.
Ал адам деген — жарасы бар тіршілік.
Сондықтан да айтылған:
Ахиллдің де өкшесі бар.
Театр осы жерден басталады.