Қазақстанда базар азайып барады
2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі базарлар саны, олардың өңірлік орналасуы, меншік нысаны, түрлері мен сауда құрылымы туралы өзекті статистикалық мәліметтер ұсынылады. Сондай-ақ базарлардағы сауда орындарының саны мен сауда бағыттары (көтерме және бөлшек) бойынша талдау жасалған.
Қазақстанда базар азайып барады, - деп хабарлайды Jarialike.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 588 базар жұмыс істейді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 38 бірлікке аз. Олардың басым бөлігі қалалық жерлерде орналасқан – 417, ал ауылдық жерлерде 171 базар бар.Базарлар саны бойынша көш басында Түркістан облысы тұр – 103. Одан кейін Алматы облысы – 57 және Ақтөбе облысы – 53. Ал сауда базарлары ең аз өңір – Ұлытау облысы, мұнда небәрі 6 базар бар.Базарлардағы сауда орындарының саны да бір жыл ішінде азайып, 147,6 мыңды құрады (2024 жылы – 150,8 мың).Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында тіркелген – 26,5 мың. Ал алғашқы үштікте сондай-ақ Жамбыл (19,8 мың) және Алматы облыстары (17,2 мың) бар.Жалпы базар санының ішінде 265-і заңды тұлғаларға тиесілі болса, 323-і дара кәсіпкерлердің иелігінде. 588 базардың 9-ы коммуналдық, 323-і жабық базар санатына жатады. Сатылатын тауар түріне қарай 222-сі мамандандырылған, ал 366-сы әмбебап базар болып табылады.Сауда көлемі бойынша 39 базар көтерме, 549 базар бөлшек саудаға арналған.