Снимок экрана 2024-07-31 205817

Селфи жасаймын деп суға батқан қыздың денесі табылды

Түркістан облысы Төлеби ауданында суға батып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға 28 шілдеде болған. Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі "Сайрам-Өгем" аумағына Сайрам-су тау өзеніне 16 жастағы қыз ағып кеткен туралы ақпарат құтқарушыларға түскен. Ол селфи жасамақ болған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 бірлік техникасы, Түркістан облысы полиция департаментінің 6 қызметкері және 3 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылған.

Марқұмның денесі үшінші күні 31 шілдеде табылды.

“Төле би ауданының аумағында іздеу жұмыстары таңғы сағат алтыдан басталды. Қыздың мәйіті 16:10-да табылды. Құтқарушылар алып шығып, полицияға тапсырды”, - дейді ТЖД.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 16 шілдеге дейінгі ақпаратынша, шомылу маусымы басталғалы 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кеткен.  


Пікір Как:

Пікір (0)