image_750x_6319a3dbe1d7b

Әмбебап QR - код еңгізілмек

Әр түрлі банк төлемдерін қабылдайтын QR - код іске қосылады

Ұлттық банктің басқарма төрағасы Тимур Сүлейменов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында әр түрлі банктің төлемдерін қабылдайтын QR-код жылдың соңында іске қосылатынын айтты . 

«Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жүйені бірыңғай QR немесе түрлі банктердің QR коды деп те атауға болады. Бұл мәселенің техникалық жағы. Оңай болу үшін бірыңғай QR десек те болады. Мұндағы идея 100 пайыз Ұлттық банкке тиесілі Ұлттық төлем корпорациясының түрлі банктер қолданысқа шығарған QR-кодтарды өзара оқи алатын жүйе әзірлеуіне құрылған. Дүкенде QR-код арқылы төлем жасағыңыз келсе, Halyk немесе Kaspi бар ма деп сұрайды. Halyk-тың картасымен Kaspi терминалында төлем жасай алмайсың және керісінше. Бұл тұтынушыларға да, банктердің өзіне де қолайсыз деп ойлаймын. Өйткені транзакцияның бір бөлігі кетіп жатыр деген сөз», - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.


Пікір Как:

Пікір (0)