b64e406a-8e69-4f62-af88-fa2e0e44d603

Іріктеуден өткен 20 психолог алғашқы семинар-практикумге қатысты

«Жастар EQ» әлеуметтік жобасы аясындағы 5 компонентті оқыту курсының алғашқы семинар-практикумы «Жастар арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында өтті. Семинар «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінде 10.00 – 18.00 аралығында өтіп, мамандар психолог, БҰҰ балалар қорының ұлттық тренері, Еуропа психологтар қауымдастығының мүшесі, сертификатталған бизнес тренер, PhD кандидат Абдрахманова Сымбат Нуртазаевнадан білім жетілдірді.

Тренингтің жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселесі туралы ақпараттандыру, қатысушыларды алдын алу және араласу әдістеріне үйрету, сихикалық денсаулық мәселелерін ашық талқылау үшін қауіпсіз кеңістік құру мақсаттарын қамтыды. Мамандар оқыту барысында жеке және топтық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, “Психикалық денсаулықты түсіну”, “Суицидтің ескерту белгілері”, “Алдын алу әдістері”, “Дағдарыс әрекетінің жоспарын қалай құруға болады?”, “Психодиагностикадағы жаңа әдістер”, “Психотерапиялық элементтерді қолдану арқылы коррекциялау” тақырыптарын меңгерді.

Бұған қоса, 20 психолог маман республикалық деңгейдегі сарапшының қолдауымен тәжірибелік жұмыстар да жүргізді.Ертең мамандар «Эмоционалдық интеллект» тақырыбында семинар-практикумға қатысып, тәжірибе арттыратын болады.


Пікір Как:

Пікір (0)