63e9b254ed7e3281480125

Тасқын

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды

Шығыс Қазақстан облысының орта таулы аймақтарының оңтүстік беткейлерінде қардың еруіне байланысты су тасқынының екінші толқыны басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері Аяулым Кекиева мәлімедеді.

 

«Қазіргі уақытта облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында (Риддер, Алтай, Самар, Марқакөл, Глубоковский, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандары) су тасқыны қаупі бар. Облыс бойынша қар жатқан аумақ 44 пайызды құрайды. Көптеген ауданда қар қоры мен ондағы су мөлшері нормадан 1,5-2 есе асып кеткен», деді А. Кекиева.

Оның айтуынша, барлық гидротехникалық құрылыстар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Су тасқыны жағдайын уақтылы бағалау үшін тұрақты негізде аэровизуалды барлаулар жүргізіледі. Спикер мобильді топтар тәулік бойы мониторинг жүргізіп отырғанын да айта кетті. Облыстағы ахуал бақылауға алынды.


Пікір Как:

Пікір (0)