8f1cxrMX

Көріпкел Бишімбаевты анасы арқылы, шамамен 1,5-2 жыл бұрын танысқанын айтты. 

Бишімбаев ісі: Көріпкелден жауап алынды

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде көріпкел куәгер берді. Ол сотқа онлайн форматта қатысып, оған жан-жақтан қысым көрсетіліп жатқанын айтты. 

Көріпкел Бишімбаевты анасы арқылы, шамамен 1,5-2 жыл бұрын танысқанын айтты. 

9 қараша күні Бишімбаев қоңырау шалған кезде көріпкел «неге жедел жәрдем шақырмайсың?» деп айтқанын алға тартып отыр.

«Ол маған қоңырау шалды. «Мен не істей алам, жедел жәрдем шақыр, дәрігерге көрсет» дедім. Ол маған қайта-қайта қоңырау шала берді. Ақыры, жауап бермей қойдым. Ол жаза бастады. «Оның қалы жақсы деп жазыңызшы» деп қоймай қойды», - деді ол. 

Көріпкелдің айтуынша, сағат 19:30-да ол Бишімбаевтың анасы Альмираға телефон соққан. 

«Сіздің ұлыңыз бірдеңе бүлдірді. Олар қатты төбелесіп қалды, барып біліңіз. Онда қорқынышты нәрсе болды. Ол қатты жылай бастаған соң мен тұтқаны қоя салдым», - деді көріпкел.

Екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов көріпкел өтірік айтып тұрғанын жеткізді. Ол көріпкелдің «жедел жәрдемге қоңырау шал деп айттым» деген сөзін жоққа шығарып отыр.

«Мен бұл жерде бәрін тыңдап отырмын. Бірінші рет қоңырауды сағат екіде шалған. Ол кезде мен болған емеспін. Сағат 15.51 кезінде қоңырау шалған кезде мен Бишімбаевтың жанында болдым, бәрін естідім. Оның жауабы маған көмектесе ме, жоқ па, білмеймін, бірақ ол шындықты айтып тұрған жоқ. Ол «дәрігерді, жедел жәрдемді шақыр» демеді. Мен Бишімбаевтың жанында тұрғанмын. Бәрін естіп тұрдым. Ол «оның миы шаршаған, ұйықтап алсын, біраздан кейін оянады, содан кейін үйге қайтасыңдар» деді», - деп Байжанов естігенін айтып берді.

 


Пікір Как:

Пікір (0)