0fa4a51b-d938-4f06-8806-0819c7b7c3c6

«Таза Қазақстан»: Шымкентте республикалық экологиялық акция жалғасып жатыр

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.

Тұран ауданында экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында аудан тұрғындары мен белсенді жастар «Бадам» көпірінен бастап Ташкент тас жолы бағыты бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар санитарлық тазалау, шөп ору, ағаш әктеу, кесу, қоқыстарды жинау және ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына 1650-дан астам адам қатысып, 45 арнайы техника жұмылдырылды, барлық аяқ жолдар тазаланып, 127 м3  қоқыс шығарылды, 37 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткері – О.Рахманбердиев, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы - А.Юсупова, «Аманат» париясының өкілдері, ауыл билері, белсенді жастар және басқа да азаматтар қатысты.


Пікір Как:

Пікір (0)