d87609a10735172e53eda8e147ce0e3798f99844

Арыстанбектің мектебі. Мүлік мемлекетке қайтарылды

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекет иелігіне өтті.

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды. Мектепті сату жөніндегі мәміле  жарамсыз деп танылды. 

17 шілдеде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне енді.

Cотта нысанның нарықтағы бағасын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылық  расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, Арыстанбек Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі “Nomad's Land” ЖШС иелік еткен.

Еске салайық, бұрынғы мәдениет министрі бұған дейін екі іс бойынша айыпталған. Әуелі Ұлттық музейдегі жемқорлық дерегі бойынша 8 жыл арқаласа, кейін сол жазаны жеңілдету үшін адвокаты арқылы пара беріп, тағы айыпты болды. Сонымен алғашындағы сегіз жыл жазасына тағы үш жыл қосылып, 11 жылға сотталды. Сот үшінші іс бойынша да кінәлі деп тапқанның өзінде, тағы 12 жыл жаза қосылмайды. Заң бойынша, айыпталушы кесілген үш жазаның ішіндегі ең ауырын өтеуге тиіс.


Пікір Как:

Пікір (0)