1661490145870540

Сарыағаштағы қыздың өлімі. Сот төрағасы мен судья жұмыстан кетті

Тоқаевтың Жарлығымен Сарыағаш аудандық сотының бұрынғы төрағасы, судья Н.Шетенов қызметінен босталды.

«Сарыағаш аудандық сотының судьясы Шетенов Нұрқазы Бектайұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша босатылсын» - делінген   Президент  жарлығында.

Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты педофилді тексерген пробация қызметкері 2 жылға сотталған.   Ол қызмет барысында пробациялық бақылаудағы бұрын сотты болған азаматты қадағалау бойынша тиісті жұмыс жүргізбеді деп айыпталды.      


Пікір Как:

Пікір (0)