66a0f0d141ea0390274927

Айналаны ластаған кәсіпорынға 2,9 млрд айыппұл салынды

Ақтөбеде табиғатты ластап тастаған кәсіпорынға 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары "Восход Хром" ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде заң бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

«Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тоннакөлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды. Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды. Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.

Фото: БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі  


Пікір Как:

Пікір (0)