Изображение WhatsApp 2024-06-05 в 11

Медиация дағдыларын дамытуға арналған тренинг өтті

Елордада «Келіссөздер процесінің әдістемесі, этносаралық саладағы жанжалдардың алдын алу және шешу бойынша медиация дағдыларын дамыту» атты тренинг өтті. Шараны Астана қаласы  Ішкі саясат басқармасы  3-5 маусым аралығында ұйымдастырды.   

Қоғамдық келісім медиаторы Роза Мұхамедиярқызының айтуынша ,бұл тренинг ұлтаралық жанжалдарды қалай шешу керектігін үйретеді. Ассамблея өкілдері мен медиаторлардан бөлек , полиция қызметкерлері мен мектеп психологтары шақырылған.

«Астана қаласында ұлтаралық жанжалдар сирек кездеседі. Бұған  мәселенің  алдын алуға жұмыстары әсер етуде. Тренингті үш күн бойы  ең үздік психологтар мен медиаторлар жүргізді» ,- дейді ұйымдастырушы.  

 «Жұмыс барысында түрлі тақырыптағы жанжалдарға кезігеміз. Медиацияның қыр-сырларын білеміз, бірақ осы сынды жиындар біздің кәсібилігімізді арттыра түседі» ,- дейді Байқоңыр аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов.

N 85 мектеп-лицей психологы Ләззат Арманқызының айтуынша, тренингтің әр күні жаңа ақпаратқа толы болды. Әсіресе, спикер Лола Сергейқызының дәрісінде барлық сала маманы білуге тиіс тың ақпараттар айтылды.

Ынтымақтастық дағдыларын дамытуды мұрат еткен бұл семинарға 20 адам қатысты. Иә, мемлекет тыныштығына әр азамат үлес қосуы керек. Татулық – табылмас бақыт.

Айкөркем Бахтиярқызы

ЕҰУ студенті


Пікір Как:

Пікір (0)