Астананың орталық саябағында Халықаралық қарттар күніне арналған концерт өтті
1 қазан халықаралық қарттар күні қарсаңында Астананың орталық саябағы жарқын мерекелік концерттің алаңына айналды. Іс-шара аға буын мен жас буынды біріктіріп, балалар мен зейнеткерлердің музыкалық-би шоуы көрермендердің көңілін бір серпілтіп тастады.
Қонақтар патриоттық әндер тыңдап, халық билері мен әскери оркестрдің қойылымын тамашалады. Әсіресе көрермендерге 2018 жылы "Үркер" тұрғын алабының әжелері құрған әуесқой ұжым — «Парасат» ансамблінің нөмірлері ерекше әсер етті. Олардың әндері үлкен қошеметке ие болды.
«Біздің ансамбльдің өнерпаздарының ең жасы 60-та, ең үлкені 80-нен асады. Мен өзім 70 жастамын. Біз үшін бұл жай ғана концерт емес, бұл — шығармашылық пен қуанышқа жастың кедергі емес екенін көрсету мүмкіндігі. Біз өз өнерімізді қала тұрғындарымен бөліскенімізге қуаныштымыз», - дейді «Парасат» ансамблінің жетекшісі Роза Елюбаева.
«Үркер» аула клубының жас таланттары мен №5573 әскери бөлімнің оркестрінің, олардың үрмелі және ұрмалы аспаптардың орындауындағы патриоттық және халық әндерінің үйлесімді әуендері тыңдаушылардың жүрегін жаулап алды.
«Қатаң формадағы офицерлердің бас және тенор дауыстары ерекше әсер қалдырды. Әскери оркестрден алғаш рет акапелланы естідім», - дейді іс-шараның қонағы Майра Досова.
«Мен атаммен бірге концертке арнайы келдім. Атамның құрдастарының шығармашылық белсенділігі бізді қатты таң қалдырды. Сондай-ақ, біз Нұра ауданында жұмыс істейтін зейнеткерлердің демалыс орталықтары туралы білдік. Атам спортпен, шығармашылықпен айналысуы үшін оларға міндетті түрде жазыламыз» - деді Астана тұрғыны Нұрилла Айдосова.
Нұра ауданындағы мерекелік іс-шаралар мұнымен аяқталмайды. Халықаралық қарттар күніне орай қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады: басқарушы компаниялармен бірлесіп тұрғын үй кешендерінің аулаларында шай кештері өтеді, ал мұқтаж зейнеткерлерге азық-түлік көмегі беріледі.
Халықаралық қарттар күні — бұл аға буынды құрметтеудің маңыздылығын және олардың қоғамға қосқан баға жетпес үлесін еске түсіретін мереке.