428612300_3727467010819713_5398741454942976902_n

Семейдің кіреберісіндегі сәулет кешені сынға ұшырады

Абай облысының орталығы – Семей қаласындағы жаңа кіреберіс кешені қойылмай жатып сынға ұшырады. Семейлік белсенді Сәтжан Қасымжанұлының жазуынша, сәулет туындысынде кеткен кемшілік көп.  «Қаншалықты "саяси сауатым" бір кісідей болса да мынадай қала кіреберісіне қойылатын "архитектура" үлгісін еш қабылдай алмадым. Біріншіден қазақтың жазуы кириллица болса да, арабша, латын болса да етектен бастап оқылған емес. Екіншіден жобада қастерлі "Абай" атауы жоқ. Осыған жол беріп отырған комиссиядағы белгілі адамдарды "кемақыл" демеске шара жоқ. Сосын барып осылай "Қош келдіңіздер!" деңіз», - дейді ол. 

Айта кетейік, «Семей қаласының аумағына кіру белгісінің үздік архитектуралық тұжырымдамасы» байқауының сараптау комиссиясында   Семей қаласы әкімдігі өкілдері, Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы, мәслихат депутаттары, сулетші, суретшілер мен музей қызметкерлері бар.  Осындай дүрдей мамандар отырып, шаһардың қақпасын жөнді етіп жасай алмағаны көңілге кірбің ұялатады.   


Пікір Как:

Пікір (0)