nesipbek-ajtұly-958x690

НАҒЫЗ АҚЫН, АҢЫЗ АҚЫН – НЕСІПБЕК

Қазақ ән өнерінде ән мәтінін үлкен биікке көтерген қадау-қадау ақындар бар. Ол – Иса Байзақов, Кәкімбек Салықов және Несіпбек Айтұлы. Бұл жазба ақын, Мемлекеттік сыйлықтың игері Несіпбек Айтұлы жайында болмақ. «Туады тағыз ақын» деп жырлаған Хантәңірдің мұзбалағы ақын Мұқағалидың өзі қызығып, батасын берген бозбала ақын Несіпбек аңызға айналған ақын болып дүниеден озды.

Сөз басы Тарбағатай, жусаны жұлдыз емген адырлы абыз мекен, ондағы бесігі түйе үстінде тербетілген текті ауыл адамдарының арманын айтпағанда ақ бұлттармен некелескен ақ түтіндері бір әлем еді. Қаңтарда қаршғасы қасқыр алған қансонар мекенінің көрінісі қалғып кетсемде көңіл көзімде, бастауының үнінде сәби балдырғандардың былдыр үні үзілмеген, сол ғазиз мекенде бақтты белбеуі емес, ақ ордасының белдеуіне бесті дәурендей байланған Бәгей қарттың әлхисасы таңнан таң тұрмақ айдан айға жалғасын табатын, үкілі жүйірігінің үзеңгісі сегіз қабат Айт атаның сақалына орап баққан ақ немересі бұл күндері әдебиеттің аспанында киелі сөз құдыретінің құс жолын қалптастырғаны қашан?!

Жұмыр басты оқырманы тұрмақ жұлдыздады шулатып жыр жаттатқан құс қалам қанаты талуды ұмытқан, осынау ғажап талант әуелі шекарасы тек адалдықтан тұратын шексіздіктен келетін үннен, сосын тектен, қаннан, ардан болар, туған топырақтан, өлеңді өлкеден болар.Олай болса сөз басын Тарбағатай деп бастағанымыз дұрыс шығар.

1955 жылы іңгәсі емес іңкар өлеңі аралас өміресігін ашқан ақ сәби Тұрысбектің тұңғышы еді, алайда айналайын ақ еділ сахара салтының ата баласы дейтін үрдісі оны нағыз қаймағы бұзылмаған ұлы мектептің ұясында үнсіз тәрбиеледі, оның өнердегі кең құлашы құтты Құлыстайға тартса, емірене жырлауының екпіні Еміл мен Ертістің толқынынан тояттағанының айғағы. Хан болсада қадап айтатын өткірлгі Қабанбай туған сері мекеннің сексеуілінің шоғынан қалыптасқан, боямасыз көшпенді тірліктің боз таңында іргеден естілген боталардың боздауын боз мұнар тарихтың талықсып жеткен күйі деп еститін, төрдегі домбыраның шанағында шаранасына жас толған тағдырдың толғауын періштенің ізі қалған пернелерден оқитын үнсіз ұзаққа телміріп көкейіне көп толқынды тоқитын. Ақ қайыңның жапырағына жан тапсыра мөлтідеген көктемгі мөлдір шықты өмірдің шындығы деп тұсынып көңіл шытына жырғып түйген, күн мініп, ай жетелеген келместің кемеңгерлерінің өсиетін өмірде орындайтын парызым деп бағалаған, тайдан тақымы таймаған ақын өлеңінің қу бас атын арманымен тағалаған, ақынның өз қатарынан артықшылдығы, сыршылдығы, мұңшылдығы, дәуреншілдігі осында, оның әр тірсегі қиылмаған поэма тіркестерінің салмағы вагон-вагон поездың салмағынан сан мың есе, мұндағы қуат ақынның жүрегіндегі көтерген жүгінің ауырлғының соншалғында, шиырлы көш шұбар тауға бұйдасын бұтаға байлағаныда оның барлықтан бастау алған арманы, өр тостаған мен ой шілкті жалғаған Байқұштан мен Бақанастай қосылып аққан Балқаштанда терең еді, Алакөлденде айдынды, Шыңғыстай мен Шақпақ тауынанда, Аякөзденде айбынды еді, сағынышы сары Арқаданда аумақты, мұңы мұзды мұхитқа құятын Ана- Ертстенде ұзақ болатын-ды. Ол тарихтың тас емшегін жібіткен көкжал ойдың ашқарағы еді, сол себепті көз жасын адамға емес айға сүрткізетін абадан ақынға айналуы осыдан, оның арялы арлы демі әнге айналды, мәңгілік мәтінге айналды.

«Дәурен-ай», «Дәриға дәурен», «Сарыарқасы» сары тісті ғасырларды ұйқсынан оятатын, ойлы жандарды өмірде жасап жүр екенбіз-ау деп ойландырады, Қорқыттың қобызын аққуға айналдырып қайран арманның айдынына сағыншпен қондырады, жүздіреді, «аққудың көз жасындай көлге тамған» деп Асан қайғыны арман, арман, арман-ай деп анасынан туғандай әлдилейді, Шалкиіз намысты шамырқандырады, Ақанды «Қараторғайымен» қауыштырады, құлагермен табыстырады, Жалаңтөсті жалған дүниемен жаныстырады, Кененсарыны кесілген басымен алыстырады, Біржанды Ләйлім шырағмен айлы түнде жүздестіріп, ӘсеттіҚысметімен үндестіреді, Абайды «желсіз түнде жарық аймен» тілдестіреді, батырларға байрағын қайта ұстатады, ер Дулаттың дуылғасын қайта кигізіп ер Жәнібектің көк бестісін қайта мінгізеді.

Тарбағатай мен Алтай арманын, найман-керейдің құт төсін қайта тоғыстырады, бұл ақын бұлт үстінде ұйықтайтын өлеңнен басқа өмірді ұқпайтын несібелі шабыттың иесі – Несіпбек Айтұлы еді.Ол жазса қаңтарда жаз келеді, ол айтса ай бетіне ауыл қондырады, тастың тамырынан жырдың дырау қамшысын өріп жүгенсіздерді тәрбие табалдырығына жүгіндіреді, ол аударса күллі түріктің том-том тарихының әр парағын күн көзіне кептіре әр сөйлемін оқырман көңіліне көгаршындай самғатады, оның жүрегіне орағаны жалғыз отаны, сүйенері темірқазықтанда биік жалғыз туы, оның дәт дегені Тәуелсіздіктің таусылмас таңы, бағы үшін, ділі тілі болса, «әттеген-айы» Ақселеудің қанбай кеткен шөлі болар, оның нағыз байлығы бала ұрпағымен қатар, бағалы жырлары, дала рухты дастандары, бота жүрек поэмалары, жыл құсындай туындап жатқан жырлары, Тарбағатай тамшысынанқұралған құндыда мөлдір лирикалары, ол сауысқан пейілділер айтқан сарайдың емес, нағыз салт-дәстүрдің, ұлттың, ұжданның ақыны, жетпістің желкесіне келседе жеті жастағы баладай арманынан адасқан емес, тоқсанға келседе тобығына сақалын орап ойлана толғанатын сыршыл ақын. Өйткені ол қол таңбасы үшін емес тағыдыры үшін жазады, сонау алыста қалған ауылын сағынады, бейттер арасында бебеулеп қалған мұң тербеген бесігін қанды көйлек балалығын сағынады. Осылардан арылу үшін ағыл-тегіл нөсерлейді, найзағайдай жарқылдайды. Қозы Көрпеш Баянның көз жасы әдіра қалсын оның көңіл жасы сарқылмайды, жазары, айтары, қазары, жарқыратары, мойындатары таусылмайды. Жұлдыздыңда көз жасын тұн білетін түңілкті өмір-ай! Ата ақылы желмен кеткен, кекілікті кердеңдеткен кері заман-ай.

Қазақтың қоңыр домбырасын, кең дала – Сарыарқасын, дәуренін, әркез асып-толған, мейманасы тасыған, қуанған, мұңайған сәттерін қапысыз жазған қазақ поэзиясының тақтағы Несіпбек жырау жайлы айтылар сөздің бір парасы осы еді.


Пікір Как:

Пікір (0)