3cdb3315-0e21-4d26-bfa7-7ce9effb773a

Тележүргізуші Әсел Асқарды шешен ұлтының спортшысы соққыға жықты

Танымал қазақстандық тележүргізуші және блогер Әсел Асқар спортшыдан таяқ жегенін айтты.

Блогер видеоүндеу жариялап, «Рояль» фитнес клубында ер адам – грек-рим күресінен чемпион, кәсіпқой балуан өзін бетінен бірнеше рет ұрғанын, қазір оның тарапынан қоқан-лоқы көріп жатқанын айтты.

Әсел Асқар қала прокуроры мен полиция басқармасы басшысынан көмек сұрады.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты жауап берді.

«Блогерді ұрды деген күдікпен 27 жастағы ер адам анықталды. Дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы (»Ұрып-соғу«) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (»Ұсақ бұзақылық«) бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.

Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындалды.

«Іс материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында», - деп атап өтті Алматы қалалық полицияның баспасөз қызметінен.


Пікір Как:

Пікір (0)