62612f499ab0d995711654

5 адамды атып өлтірген Дужновтың үйінен қару табылды

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша,  5 адамды атып өлтіріп, өмір бойы  сотталған Игорь Дужновтың әйелін көшіру кезінде үйінен қару табылған.  

Игорь Дужновтың «Ақбұлақ» ықшамауданындағы Сыздықов көшесіндегі үйінен әйелін көшірген  кезде қару-жарақ табылды. Қазір оқиға орнында Алатау аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ПД. Игорь Дужновты халық 2021 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен үйінен шығаруға келген сот орындаушыларына оқ жаудырып «алматылық адам атқыш» деген атпен таниды.  Сол атыста бес адам қаза тапты, оның ішінде екі учаскелік полиция инспекторы, сот орындаушысы, үйдің жаңа қожайыны және оның досы болған. 2022 жылдың сәуірінде Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық сотының судьясы Еркін Майшынов Дужновтың жасаған қылмыстарын аса ауыр санатқа жатқызған. Өйткені бес отбасы әкесіз және асыраушысыз қалды.


 


Пікір Как:

Пікір (0)