cd0df136-4dd3-473d-8f88-9819cdcd3281

Нөсер жауын салдарынан Астана көшелерін су басты

Әсіресе , Орынбор, Қонаев көшелері мен Республика даңғылына су жиналып қалды.

«№10 автобустың жолаушылары  смартфондарына Орынбор-Қонаев көшелерінің қиылысында жиналған суды түсіріп алған. Автобус қала көшелерінде «жүзіп жүр», - дейді елорда тұрғыны. 

Су деңгейі жол жиегіне шығып кеткендіктен, жүргізушілер жолды көре алмай әлек.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, бүгін республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады. Сондай-ақ бірқатар аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін деп болжанған болатын. Коммуналды қызмет өкілдері жауын-шашынның салдарымен күресіп жатыр. 
 

Айкөркем Бахтиярқызы 

ЕҰУ студенті 


Пікір Как:

Пікір (0)