43af79a8-2301-441f-95df-4420e3de7160

Ақтөбеде 10 жастағы бала суға батып кетті

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында жан түршіктірер оқиға орын алды.  Бүгін Белқопа ауылында 10 жастағы бала суға батып кетті.     

2014 жылы туған бала  ауыл жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды.  Бұл жөнінде Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаев айтты.  

Айтып өтейік, көктемгі су тасқыны басталған тұста Ақтөбенің Байғанин ауданы Ебейті ауылында 4 жасар бала көз жұмды.      

Қазіргі кезде аудан әкімдіктері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.         


Пікір Как:

Пікір (0)