f1cf67b653de7aca2f180ada07770e71_1280x720

Психологиялық ауытқуы бар 200 мың адам тіркелген

Денсаулық сақтау министрлігі психологиялық ауытқуы бар қазақстандықтар туралы статистика деректерін мәлімдеді . 

«1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда психологиялық ауытқуы бар, бірақ психикалық белсенді зат тұтынбайтын 199 672 адам тіркеуде тұр. Бұл санаттағы азаматтардың көбі Қарағанды (1616,2 адам), Қостанай (1523,5 адам) және Солтүстік Қазақстан (1414,2 адам) облыстарында тіркелген» деп жазылған ресми жауапта.

Министрлік мәліметінде психикалық ауытқуы бар адамдарды емдеу мерзімі науқастың жай-күйіне байланысты екені айтылған. 

«Мұндай адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібі Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 167-бабымен және медициналық көмек ұйымдастыру стандарттарымен, медициналық көмек көрсету ережелерімен, клиникалық қаулылармен реттеледі» делінген министрлік жауабында.

Көрнекі  фото: ҚР ДСМ  


Пікір Как:

Пікір (0)