astana

Астанада құрылатын алтыншы ауданның аты белгілі болды

Астана қалалық мәслихаты жаңа, алтыншы ауданның атын бекітті. Жаңа аудан Сарайшық деп аталады.

"Бұл мәселені біз зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен, тарихшылармен ұзақ уақыт талқыладық. Ономастикалық комиссияға 15 атау ұсынылды. Соның ішінен төртеуі таңдалды. Жерұйық, Сауран, Тұран және Сарайшық. Біз бәріміз бірауыздан Сарайшыққа тоқтадық" дейді Астана қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Осылайша депутаттар жаңа ауданның атауын бекітті. Алайда соңғы шешімді республикалық ономастикалық комисия қабылдайды. 


Пікір Как:

Пікір (0)