JariaLike.kz
JariaLike.kz
Tuesday, 24 Sep 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Асылған жігіттің бейнежазбасы WhatsApp арқылы таралған. Полиция қайғылы оқиғаны растады, болған оқиғаның мән-жайын тергеу басталды, деп хабарлайды Jarialike.kz. 


«102-ге Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс объектісінде асылып қалған адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 38 жастағы марқұмды анықтады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Мән - жайлар анықталуда», - деп түсіндірді Астана полиция департаменті.

Еске сала кетейік, қыркүйек басталғалы еліміздің бірнеше өңірінде суицид жағдайы тіркелді. Атап айтсақ, 10 қыркүйекте Ақмола облысында өрт сөндіруші суицид жасады. 

16 қыркүйекте Алматыда көпқабатты үйден құлаған екі жасөспірім көз жұмды. 

Одан бөлек, 22 қыркүйек күні Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара академиясының курсанты көз жұмды.

Белгілі болғандай, түнгі уақытта 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен. Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. 

Тағы бір келеңсіз жағдай 23 қыркүйекте Алматы қаласында болды. Жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кеткен. 

Фото: