JariaLike.kz
JariaLike.kz
Monday, 16 Sep 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Бүгін Астана қаласында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтар» алаңы ашылды.
Бұл аймақтың ерекшелігі оқушылар бос уақыт кезінде ұлттық ойындар ойнап, кітаптар оқып, қазақ тарихы мен салт-дәстүрлерін таниды.
«Ұлттық құндылықтар» алаңының қабырғасына қазақ аспаптары ілініп, оюлармен безендірілген. Біртуар қазақ мәдениеті мен әдебиетіне үлес қосқан тұлғалардың суреттері бар.
Айта кетейік, «Ұлттық құндылықтар» алаңы Астана мектептерінде алғаш рет ашылғалы отыр.