JariaLike.kz
JariaLike.kz
Saturday, 31 Aug 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Президент Тоқаевтың жарлығымен Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды.   

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады.

Ермек Маржықпаев 1969 жылы 29 тамызда дүниеге келген.   

1994 ж. – С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын бітірген. 2001 жылы, 2009 жылы Көкшетау университетін тәмәмдаған.

2001 ж. – «Тұран» университетін тәмамдаған.

2009 ж. – Көкшетау университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1991-1992 жж. – орта мектепте ұстаздықтан бастаған. 

1992-1995 жж. – «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры.

1995-2008 жж. – «Береке-Бурабай» ЖШС-ның директоры;

2008 жылдың сәуірі – 2012 жылдың сәуірі  –  Аршалы ауданының әкімі;

2012 жылдың сәуірі – 2013 жылдың қыркүйегі – Зеренді  ауданының әкімі;

2013 жылдың кыркүйегі – 2019 жылдың наурызы –  Ақмола облысы әкімінің орынбасары;

2019 жылдың 19 наурызынан – Ақмола облысының әкімі, 2019 жылғы 17 маусымда осы лауазымға қайта тағайындалды;

2023 жылғы 2 қыркүйекте Туризм және спорт министрі болып тағайындалды. 

Бұлардан бөлек, Ақмола бокс федерациясының вице-президенті де болған.

Фото: Туризм және спорт министрлігі