JariaLike.kz
JariaLike.kz
Wednesday, 12 Jun 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Әлеуметтік желіде өзін Шымкент тұрғынымен деп таныстырған әйел «Ділмұрат ахиге» және теріс  ағымның жетегінде кеткендерге  қатысты үндеу жариялады.    Келіншік қауіпсіздігі үшін аты-жөнін айтпауды жөн көрген. Сөзіне қарағанда, күйеуі оны зат секілді басқа біреуге сыйлай салған. Сонан соң өз кезегінде ол басқа біреуге сыйлаған. Ал бірінші күйеуі өзін Ділмұрат ұстаздың шәкіртімін деген екен.

Мен өзімнің және бала-шағамның қауіпсіздігі үшін аты-жөнімді айта алмаймын. Мен Шымкент қаласының тұрғынымын. Намазға келгелі бері жат ағымдағы бауырға тұрмысқа шыққалы бері, оның айтуы, мақтауы бойынша сіздің (Ділмұрат ұстаз – авт.) уағыздарыңызды тыңдап келгенмін. Сіздің шәкіртіңізбін деп жүрген жат ағымдағы бауырға тұрмысқа шықтым. Көп ұзамай, өзімнің бауырым деген екінші салаф бауырға мені сый ретінде, зат ретінде сыйлады. Осылай екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне зат ретінде сыйлап кете берді. Әр тұрмыста мен балалы болып отырдым, – дейді ол.

Видео авторы Ділмұрат ұстаздың уағызын тыңдаған талай қыз-келіншек біреудің құрбанына айналып, ал балалар жетім қалып жатқанын тілге тиек етті.

Имамдарды тыңдама дейсіздер, олар адасушы дейді. Олар емес, сіздер адасқансыздар. Шетелге қашып, елге іріткі салып, қазақ келіншіктерін жақсы жолдан тайдырып, шүберек қылып пайдалануға насихаттап отырған сіздерсіздер. Қыз-келіншектерге айтарым, салаф бауырлардың алдауы мен арбауына түспеңдер. Тұрмысқа шықпаңдар. Жәннат кілті – ана табанының астында. Менің көз жасым, балаларымның көз жасына қалған, Ділмұрат, ақыретте көз жасымның ақысын сізден аламын. Қыз-келіншектердің жылауына, көз жасына сен жауаптысың, – дейді видео авторы.

Фото: Видеодан скрин.