JariaLike.kz
JariaLike.kz
Friday, 03 May 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Дәрігерлер тамаққа, жануарлардың жүніне, оның қайызғағына, зәріне және шаңға, шаң кенесіне, дәріге, шөпке аллергия көбейіп кеткенін айтады. Тіпті кейде жаңа туған сәбидің ана сүтіне аллергиясы болады екен.

«Аллергия – тұқым қуалайтын ауру. Мысалы, оның әкесі мен шешесі аллергиямен ауырса, сәбидің бұл ауруға шалдығу ықтималдығы - 60%. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі балалардың басым бөлігінің тамаққа және үйдегі шаң кенесіне аллергиясы болады. Жалпы балалар аллергиясының 90%-і тамаққа байланысты. Ал ана сүтіне аллергия болған кезде, емізуді тоқтатуға тура келеді», - дейді аллерголог Ғалия Түсіпбекова.

Сондай-ақ Ғалия Түсіпбекова балада аллергия болса, тезірек дәрігерге қаратып, аллергендерді анықтау қажеттігін атап өтті. Маманның  пікірінше, диагнозды уақытында қою, ауруды асқындырмауға көмектеседі.

Фото:  Shutterstock