JariaLike.kz
JariaLike.kz
Wednesday, 24 Apr 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен БҚО әкімдігі Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойды.  

Бұл іске қордан 10 млрд теңге бөлінеді. Тұрғын үй жобасын жергілікті атқарушы органдар ұсынады. Жымпиты ауылында - 49, Бұлдыртыда - 25,  Өлеңтіде - 38, Жетікөл мен  Жаңақоныс елдімекендерінде бір-бір үйден салынады. Бұл баспаналар техникалық тексеріс қорытындысы бойынша тұруға жарамсыз деп танылған.