JariaLike.kz
JariaLike.kz
Wednesday, 03 Apr 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Экс-министр болған  Бишімбаевтың соты жалғасуда. Бүгін сот отырысында  марқұмның анасы оған  «8 сағат бойы өлтіруге әрекеттендің,  бірнеше сағат бойы соққыға жықтың» деді.    

Қуандық Бишімбаев сотта әуелгі сөзін Салтанаттың туыстарынан кешірім сұраумен бастады. Нүкенованы  қатыгездікпен өлтіру  ойы болмағанын айтып қалды. Мұны естіген  Салтанаттың анасы өзін ұстай алмады 

«Мені кешіреді деп үміттенбеймін. Бірақ бұл – ішкі міндетім. Орны толмас қайғы екенін де білемін. Осы оқиғаларға қатысым бар екенін де түсінемін. Ол – бір. Екіншіден, өз кінәмді мойындаймын дегенде жұбайым Салтанатты аса қатыгездікпен өлтіру ойымда болмағанын айтқым келді...", - деп сөйледі айыпталушы.

Сот залында отырған Салтанаттың анасы Бишімбаевтың «қатыгездік болмады» деген сөзімен келіспейтінін жеткізді. 

«Мен өз қызымды жерлегенде бетін де көре алмадым. Сен оны аса қатыгездікпен ұрмадым дейсің. Олай айтуға қалай дәтің барып тұр? Маған оның бетің көрсеткен жоқ. Себебі оны өмір бойы ұмытпайтын едім. Сен оны бірнеше сағат бойы соққыға жықтың. 8 сағат бойы өлтірдің!", - деді ол ашуға булығып.   

Осы кезде судья Салтанаттың анасын басқа залға баруға ұсыныс жасап,  сабырға шақырды. Алайда  ол өз орнында қалды.