JariaLike.kz
JariaLike.kz
Sunday, 31 Mar 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Ақтөбе облысында 753 тұрғын үй, 10 әлеуметтік нысан, саяжайдағы 99 үйге су кірді.

Ақтөбе облысында биыл 10-нан астам өзен арнасынан асты.

Елек, Жем, Торғай, Ырғыз, Ойыл, Қарақобда, Үлкен Қобда, Темір, Тамды, Қауылжыр, Ор өзендері көтеріліп, ауылдарды су басқанда 5 аудан және облыс орталығы Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Салдарынан 753 тұрғын үй, 10 әлеуметтік нысанды су басты. 

-187 аула мен 99 саяжай үйі зақымданды. Су тасқынына қарсы шараларға жеке құрамның 3 мыңнан астам қызметкері тартылды. Оның ішінде Маңғыстау облысының 52 қызметкері және Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен Алматы қаласынан келген 20 құтқарушы бар. 647 техникадан бөлек, іздестіру-құтқару жұмысына Қорғаныс министрлігінің алты тікұшағы жұмылдырылды. Су тасқыны салдарынан 6908 адам қауіпсіз орындарға көшірілді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.