JariaLike.kz
JariaLike.kz
Saturday, 23 Mar 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Мәскеу түбіндегі «Крокус Сити Холл» демалыс орнындағы лаңкестік салдарынан кемі 93 адам қаза тапқан. Бұл туралы Ресей Тергеу комитеті хабарлады. Ал осы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі, бұған дейін түрлі жарақатпен ауруханаға 115 адам жеткізілгенін мәлімдеген еді.

Ақпарат құралдарында лаңкестікті (Қазақстанда заңмен тиым салынған) ДАИШ террористік ұйымы мойнына алғаны туралы ақпарат шықты. 

Лаңкестік әрекет 22-наурызда, Мәскеу маңындағы Краснагорск қаласындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында болған.

Интернетте тараған видеоларда бірнеше адамның концерт залында, ғимарат ішінде қарусыз, бейбіт тұрғындарды аяусыз атып жатқаны көрінеді.