JariaLike.kz
JariaLike.kz
Friday, 09 Feb 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Ақтөбе облысының Хромтау және Әйтеке би аудандарындағы бес ауылда әлі жарық жоқ, - деп хабарлайды "Jarialike.kz" "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша бұған дейін 56 ауылдың 27-і жарыққа қосылды. Облыс әкімі Асхат Шахаров бейнежазбасында 2700 абинент электр тоғымен қамтылғанын айтты.

Таңертең бұл көрсеткіш өзгерді.

- Ақтөбе облысы бойынша Хромтау ауданында үш, Әйтеке би ауданында екі ауылда жарық жоқ. Қалада негізгі шағымдар бойынша жұмыс істелді. Таңғы жуық барлығы қосылды. Алайда қазір қайта шағым түсіп жатыр,- деді «Энергосистема» ЖШС бас директоры Ержан Жексембинов.

Ақтөбе облысы бойынша барлығы 35 бригада электрмен қамту жұмысын жүргізіп жатыр.

Алтынай Сағындықова

Фото: Kazinform