JariaLike.kz
JariaLike.kz
Wednesday, 10 Jan 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Қайрат Телманұлы Қамбаров Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Ол 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қ. Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып бастады. 

2012-2013 жылдары  — Астана қ. әкімі аппараты бөлімінде бас маман, бас маман – протокол басшысы.

2013 жылы ҚР Президентінің Іс басқармасында сектор бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасы бөлімінің басшысы.

2013-2014 жылдары — «Нұр Отан» партиясының Астана қ. филиалының бөлім кеңесшісі.

2014-2015 жылдары — Астана қ. бойынша Тексеру комиссиясы бөлімінің бас инспекторы-бас бақылаушысы. 

2015 жылы Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы.

2015-2018 жылдары — Астана қ. Ішкі саясат басқармасының бөлімі басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары, Астана қ. әкімі аппаратының бөлім басшысы.

2019-2021 жылдары — Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы. 

2021-2022 жылдары — Нұр-Сұлтан қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.