JariaLike.kz
JariaLike.kz
Wednesday, 10 Jan 2024 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Психолог Лимана Құттыбекқызының айтуынша, аяқ астынан туындайтын конфликті тоқтатуға болады. Оған ұстаздар мен ата-ана  араласуы мүмкін.  Ал буллинг жоспарлы түрде жасалып, ұзаққа созылады.Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдерге  қорлау белгілерін тану және буллингті конфликтен яғни жанжалдан ажырату өте маңызды. Бұл - оқушылар арасындағы кемсітуді, мүйіздеуді тоқтатудың алғашқы қадамы.

«Únsіz qalma» жобасының 4-ші видеоматериалында Қазақстан кәсіби психологтар лигасының мүшесі Лимана Құттыбекқызы  буллинг пен конфликтің 5 айырмашылығын түсіндіреді. Қазіргі кездегі өзекті проблеманың басқа да айырмашылықтары  бейнероликте жан-жақты баяндалады.