JariaLike.kz
JariaLike.kz
Monday, 04 Dec 2023 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері әртүрлі бейіндегі оқу орындарына барып, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы үнемі айтып келеді. Студенттер арасында жүргізілген сауална олардың есірткі үшін берілетін жазадан хабарсыз екенін көрсеткен.  бұл туралы Polisia.kz  хабарлады. 

Мәселен, мефедрон сияқты синтетикалық препараттың 1,5 грамын сатқаны үшін 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Қараша айында полицейлер барлық өңірдегі студенттік жатақханаларда рейдтер бастады.

Біріншіден, жатақханаларда тұратын студенттерге кез келген психоактивті заттарды қолданудың салдары, сондай-ақ есірткі сатуға қатысқаны үшін жаза туралы ескертіледі.

Екіншіден, рейдтер барысында қызметтік иттері бар кинологтар жатақханалардың үй-жайларын есірткінің бар-жоғына тексереді.

Осы апта ішінде әртүрлі өңірде есірткінің қолданылуын немесе таралуын анықтау және есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті түсіндіру мақсатында колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларында осындай 25 рейд өткізілді. Барлығына қызметтік-іздестіру иттері жұмылдырылды.

«Студенттер мен жасөспірімдер есірткі дилерлерінің оңай олжасына айналады. Тәуелсіз өмірді бастай отырып, бос уақытында ақша табуға тырысып, кез келген заңсыз әрекеттер жауапкершілікке жетелейтінін біле бермейді.

Ішкі істер министрлігінің міндеті – әрбір оқушы мен студентке осындай «табыстың» салдары туралы ескерту.

Есірткіге қатысты барлық әрекеттер үшін 16 жастан бастап толық жауап беруге тура келеді. Есірткі жасырушылар немесе курьерлер 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алады. Интернетте есірткіні жарнамалағаны, насихаттағаны, сондай-ақ форумдарда қандай да бір есірткі туралы оң комментарий жазғаны үшін 3 жылдан 6 жылға дейін жаза тағайындалады», – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.